04/06/2026

18+

Қоғам Шымкентте ерекше қажеттілігі бар адамнан пара алған шенеунік айыппұл...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Шымкентте ерекше қажеттілігі бар адамнан пара алған шенеунік айыппұл арқалады

Шымкентте еңбек және әлеуметік қорғау департаментінің жетекшісі жаза арқалады. Ол екінші топ мүгедегінен пара алған. Бұл туралы Erkinsoz.kz тілшісі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
сот пара
Дерекке сүйенсек, шенеунік азаматтың мүгедектігін тағы да созып беру үшін пара алған. Осылайша 10 мың теңгені қалтасына басқан департамент жетекшісі сот залынан бір-ақ шықты. Оған 250 мың теңге мөлшерінде айыпұл салынды және мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тиым салынды.

«Бұл халықтың осал тобына қатысты жасалған өте ауыр қылмыс. Осыған байланысты біздің департамент бірқатар іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті № 5 бөлімінің басшысына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Ол басшы лауазымды атқара отырып, өзінің қызметтік жағдайын жеке, пайдакүнемдік мақсатта пайдаланғаны және делдал арқылы екінші топтағы мүгедек азаматқа мүгедектік мерзімін ұзарту үшін жалпы сомасы 10 мың теңгеге пара алғаны анықталды», — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы Олжас Тобашов.

Осылайша іс материалдары сотқа жіберілген. Нәтижесінде шенеунік тиісті жазаға тартылып отыр.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -