05/06/2026

18+

Мәдениет Бүлдіршіндерге мерекелік сый тарту етті

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Бүлдіршіндерге мерекелік сый тарту етті

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 1 маусым балаларды қоғау күніне орай «Балалық шақ – бақытты аспан астында» атты қайырымдылық концерті өтті. Концерт қоғамдағы ерекше балалардың және олардың ата-анасының  көңіл-күйін көтеру және дарынды бүлдіршіндерді көпшілікке таныту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

— Халықаралық балаларды қорғау күні — бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап ғана қоймай, олардың құқығын қорғап, қамқор болуға үндейтін күн. Бүгінгі концертке «Жігер» қоғамдық бірлестігі мен №7 оңалту орталығының бүлдіршіндері қатысты. Концерттік бағдарлама барысында балаларға көтеріңкі көңіл-күй, ерекше сыйлықтар сыйлап, тәттілермен қуантпақпыз. Әл-Фараби ауданында 180 мүмкіндігі шектеулі бала бар, — дейді Әл-Фараби аудандық жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің маманы Қайыржан Қайратұлы.

Салтанатты шара барысында демеушілердің қолдауымен ерекше балаларға базарлық үлестірілді.

— Бүлдіршіндердің жүзінен күлкі көру — біз үшін бақыт. Осы мақсатта игі бастаманы қолдап, бірқатар азаматтар бүгін салтанатты шараға қатысып, өз үлестерін қосты. Олардың балаларға деген қамқорлығы ерекше қуантып отыр, -дейді іс-шара демеушілерінің бірі Айгүл Кеңесқызы.

Әуезді ән шырқалып, мың бұралған бишілердің өнеріне тәнті болған балалар мерекелік концерттен ерекше көңіл-күйде тарқасты.

Айдана МҰХТАРОВА

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -