05/06/2026

18+

Қоғам Елімізде есірткіге еліткен жасөспірімдер саны артып барады

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Елімізде есірткіге еліткен жасөспірімдер саны артып барады

Астанада Kaspi банк қызметкерлерін кепілге алған басқыншы наркологиялық диспансерде есепте тұрған. Кейінгі жылдары Қазақстанда есірткі мәселесі ушығып тұрғаны жасырын емес. Жасөспірімдер мен студенттер арасынан есірткі таратушылары ретінде ұсталғандары да бар деп хабарлайды Massaget.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтар (аурулар) диагнозымен 2021 жылы 110 418 адам, 2022 жылы 108 852 адам есепте тұрған. Биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 108 577 адам есепте тұр.

Құқықтық статистика және арнайы есептер комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2021 жылы медициналық мекемелерде наркологиялық есепте 18 782 адам тұрған, оның 1509-ы әйел және 77-сі кәмелетке толмаған. ІІМ мәліметінше, бұл жылы есірткі мен психотроп заттардан улану салдарынан қайтыс болғандар саны — 40 адам.

2022 жылы медициналық мекемелерде наркологиялық есепте 18 136 адам тұрған, оның 1455-сі әйел және 97-сі кәмелетке толмаған. Былтыр есірткі мен психотроп заттардан уланып, қайтыс болғандар — 73 адам.

Биыл медициналық мекемелерде наркологиялық есепте 18 221 адам есепте тұр, оның 1499-ы әйел және 94-і кәмелетке толмаған. Сонымен қатар, есірткі мен психотроп заттардан уланып, қайтыс болғандар саны — 10 адам.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -