
29- 30 маусым аралығында Оқу- ағарту министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен “Алматы облысының білім басқармасы” мемлекеттік мекемесінің “Жас дарын” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығы бірлесіп өткізетін республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауы өз мәресіне жетті. Нәтижесінде, “Көкірегімде жыр сәулесі маздайды” номинациясы бойынша Т. Рысқұлов атындағы № 25 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Ермахан Шұғыла «Бас жүлде» иеленді! Жеңімпазға арнайы диплом және ақшалай сертификат берілді.
Ермахан Шұғыла бұған дейін көптеген байқауларда жүлделі орындардан көрініп, өзінің тума талант екенін дәлелдеп келеді. Шұғыла әрбір жарысқа зор жауапкершілікпен дайындалып, өзіне сенім артып отырған елінің үмітін ақтауға тырысады.
Республикалық байқауда оза шапқан Шұғыла Ермаханға алар асуың әрқашан биік, жеңісті күндерің көп болсын деп тілейміз!



