04/06/2026

18+

Қоғам Браконьерлікке баратындардың 80 пайызға жуығы - жұмыссыздар

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Браконьерлікке баратындардың 80 пайызға жуығы — жұмыссыздар

Браконьерлікке баратындардың 80%-ға жуығы жұмыстың жоқтығынан заңсыз әрекетке барады. Бұл туралы әкімшілік полиция комитеті табиғат қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Жармағамбетов мәлім етті.
«Балық браконьерлігі бойынша талдау жасалды. Басты себеп — азаматтардың экологиялық әдебінің төмендігі. Азаматтар оңай ақша табу жолында қоршаған ортаға қандай залал келетінін түсінбейді. Браконьерлікке екінші себеп — жұмыссыздық. Қылмыстық жауапқа тартылатын браконьерлердің 80%-ға жуығы — жұмыссыздар. Сонымен қатар заңсыз балық аулау әрекетімен күресу мақсатында құзырлы органдармен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр. Соның бірі — қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске өзгерістер енгізу жағы пысықталып жатыр», — деді Әлішер Жармағамбетов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Спикердің мәліметінше, жыл басынан бері Атырау, БҚО және Маңғыстау облысында жүргізілген рейдте 70 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген.
«Атап айтқанда, 13 заңсыз балық аулау, 3 аңшылық, 54 сирек кездесетін және жойылуға жақын қалған аңдарды аулау фактісі анықталды. Нәтижесінде 1 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — дейді ол.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -