03/06/2026

18+

Қоғам Сарыағаштағы бес жасар қыздың өлімі: Қаныпезерді түрмеге жаппаған судьялар...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Сарыағаштағы бес жасар қыздың өлімі: Қаныпезерді түрмеге жаппаған судьялар белгілі болды

Журналист Михаил Козачков Түркістан облысында бес жасар қызды өлтірді деген күдікпен ұсталған азаматты алдыңғы қылмыстары үшін түрмеге отырғызбаған судьяларды атады.

«5 жасар қызды өлтірді деген күдіктіні судья Шетенов отырғызбаған. Ал мемлекеттік айыптаушы Баймағамбетов оған наразылық енгізбеген. Бірақ олар пробация бойынша офицерді жазалапты. Сарыағаш аудандық сотының тағы бір судьясы –  Айгүл Малаева. Судья Малаеваның алдына кісі өлтіргені үшін жазасын өтеген, кейін басқа адамды балтамен ұрып өлтірмек болған азамат келеді. Зорлық-зомбылыққа байланысты екі қылмыс жасағаны,  күдіктінің өзін-өзі басқара алмайтыны, алкоголь ішетіні және қоғам үшін қауіпті екені анық болғанына қарамастан судья Малаева оны түрмеге жабудың қажеті жоқ, үкімін үйде күтсін деген шешім шығарады. Мұның бәрі сотқа дейін барлығы түрмеде отыруы керек елде орын алып тұр. Бірақ кісі өлтіруші үшін ерекше жағдай жасалған»,-деп жазады Козачков өзінің Telegram арнасында.

Бұрын күдікті мас күйінде ауылдастарын балтамен өлтірмек болған. Іс ҚР ҚК 106-бабы бойынша жүргізілді (денеге ауыр жарақат салу). Осыдан кейін сот ер адамды тергеу кезінде тұтқындайды. 

«Осылайша судья Малаева процеске қатысушыларды тыңдап, күдіктіні түрмеге отырғызбау туралы шешім қабылдады. Үйде қамауға алу жеткілікті деп есептеді. Кейін оған нақты мерзім беріп бас бостандығынан айырудың орнына тек бас бостандығын шектеу жазасы берілді. Бұл шешімді аудандық сот төрағасы Нұрқазы Шетенов қабылдайды. Сөйтіп қауіпті қылмыскер бостандықта қалды. Нәтижесін білеміз — 5 жасар қыз көз жұмды», — деп жазады Козачков.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -