04/06/2026

18+

Қоғам Елімізде шалғай ауылдарға еңбек етуге барған дәрігерлерге 5 миллион...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Елімізде шалғай ауылдарға еңбек етуге барған дәрігерлерге 5 миллион теңге беріледі

Батыс Қазақстан облысында шалғай ауылдарға еңбек етуге барған дәрігерлерге 5 млн теңгеге дейін бір реттік төлем беріліп жатыр. Әлеуметтік жоба шеңберінде алғашқылардың бірі болып Жаңақала аудандық ауруханасына бес дәрігер қабылданды. Бұл туралы Хабар арнасы хабарлайды. 

Олардың үшеуі жалпы тәжірибелі дәрігер, екеуі педиатр мен қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері. Мамандарға аймақ қазынасынан 2,5 млн теңге, ал аудандық бюджеттен 345 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілген. Сонымен қатар олар қызметтік пәтермен қамтамасыз етілген. Облыста қазір 250-ге жуық дәрігердің орны бос тұр. 

“Үш жыл жұмыс істеу керек осы ауданда. Үш жылдан кейін болды. Ұнаса қалады, ұнамаса басқа жерге, ауылға баруға болады. Қазіргі уақытта бес маманның ішіндегі екі маман биыл бітірген, үшеуі 10 жыл, 7 жыл, 5 жыл тәжірибесі бар”, – дейді Жаңақала аудандық ауруханасының директоры Ербол Сәрсенғалиев. 

“Дәрігерлерінің жұмысын біз сыртқа көрсетеміз: дәрігерлер қанша прием жасады, стационарда қанша ауру жатты, соның бәрін біздің отдел қадағалайды. Көмек болды және жалақысы да өте жақсы. Солардың бәрін ойластырып, жанұяммен ақылдасып, осында келуге шештік”, – дейді аудандық аурухананың бөлім меңгерушісі Жәнібек Оспанов. 

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -