04/06/2026

18+

Қоғам Түркістан облысында басқарма қызметкерлері кәсіпкерді 18 миллион теңге пара...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Түркістан облысында басқарма қызметкерлері кәсіпкерді 18 миллион теңге пара беруге мәжбүрлеген

Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы пара алу бойынша күдікке ілінді, — деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен облыстық Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы және оның сыбайласына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Олар жеке кәсіпкерді 18 миллион теңге көлемінде пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді. Қаражат Түркістан қаласында коммерциялық құрылыс салу үшін жер учаскесін беруге арналған.

Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. 

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -