04/06/2026

18+

Қоғам "Маған сылтау айтудың қажеті жоқ": Дархан Сатыбалды аудан әкімдерін...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

«Маған сылтау айтудың қажеті жоқ»: Дархан Сатыбалды аудан әкімдерін қатаң сынға алды

Түркістан облысында 13 индикатор бойынша аудан, қалаларға рейтингтік бағалау жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, жұмыс орындарын құру, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны, азаматтар өтініштерін уақтылы қарау мен шағын және орта кәсіпкерліктің өнім шығарылымы сияқты көрсеткіштер сараланады.

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында ІІ тоқсанның даму қорытындысы баяндалды. Жалпы, рейтингтік бағалау нәтижесінде көшбасшылар болып Отырар, Созақ аудандары және Арыс қаласы орналасты. Аутсайдерлер – Жетісай, Сауран аудандары мен Кентау қаласы.

«Жалпы, бізде өсім болғанымен, аудандар арасында көрсеткіштер түсіп кеткен. Әсіресе, қаражат көп бағытталатын оңтүстік аудандарда, Мақтаарал мен Жетісайда көрсеткіштер нашар. Жұмыс істеу керек. Маған сылтау айтудың қажеті жоқ. Бұл көрсеткіштер – әкім жұмысының көрсеткіші. Сондықтан, жоспардың орындалмауы – әр басшы үшін сын», — деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Атап айтқанда, өнеркәсіп өнімінің көлемі бойынша бекітілген межеге Түлкібас, Кентау қаласы қол жеткізбеді. Өңдеу өнеркәсібінің жоспары Бәйдібек, Келес, Түлкібас аудандары және Кентау қаласында орындалмады. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция межесі бойынша индикатор Қазығұрт, Бәйдібек аудандары және Кентау қаласында жүзеге аспады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемі бойынша жоспарға Сарыағаш, Ордабасы аудандары қол жеткізе алмады. Құрылыс жұмыстары көлемі жағынан Мақтаарал, Сауран аудандары мен Түркістан қаласында жоспарлы межеге жетпей қалды.

Жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша Сайрам, Созақ, Шардара, Жетісай, Мақтаарал, Ордабасы және Кентау қаласында жоспарға қол жеткізілгенімен, міндетті зейнетақы төлемдерімен толық қамтылмаған, сәйкесінше межелік жоспар орындалмаған. Өзіндік кірістер жоспары барлық аудан, қалаларда орындалды. Шағын және орта кәсіпкерлік өнімінің шығарылымы Ордабасы, Түлкібас, Қазығұрт, Мақтаарал, Сайрам, Бәйдібек, Шардара, Жетісай аудандарында жоспардағыдай атқарылмады.

Дереккөз: Inform.kz

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -