04/06/2026

18+

Қоғам "Дариға Назарбаева Президент болуға дайындалды": ҰҚК экс-басшысы құпия әңгімелердің...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

«Дариға Назарбаева Президент болуға дайындалды»: ҰҚК экс-басшысы құпия әңгімелердің сырын ашты

Генерал-лейтенант, чекист Амангелді Шабдарбаев Қаңтар оқиғасының алдында болған жағдай туралы айтып, құпия әңгімелердің сырын ашты. Бұл туралы ол Abay Live YouTube арнасына берген сұхбатында бөлісті. 

«Кәрім Мәсімовпен Қаңтар оқиғасына дейін кездескем. Екеуміз әңгімелескенбіз. Маған көп нәрсе айтып берді. Бір әңгімесінде Қаңтарға дейін бір жыл бұрын Назарбаев Дариғаға «сен боласың» (президент — еск.) деді. Дариға келісті, Мәсімов куәмін деді. Дариға досының бәрін шақырып алған. Назарбаев «мыналардың не істейтінін жазып ал» деп Мәсімовке тапсырма берді. Дариға сол кезде «ертең президент боламын ғой» деп кімнің басын жұлып алатынын, кімге не істейтінін айтқан. Ертесіне жазбаны көрген Назарбаев қызына «мына түріңмен қалай президент боласың?» деп, оны Сенаттан да алып тастады. Қалай ол президент болады? Ертең Путин келеді дейік, Дариға президент болса, ертең қалай кездеседі? Назарбаев сияқты бірге моншаға бара ма?» — деді ол. 

Амангелді Шабдарбаев Кәрім Мәсімовтің жеке мақсаттарын айтты. 

«Ол маған да, басқаларына президент болатынын айтты. Ол әдейі айтатын, найман болды, қазақша сөйлемек болды. Мәсімов — өте сақ адам, бірақ қорқақ. Ол ашық айтпайды, бірақ араға адам салып қояды. Ол қу, Назарбаев оған сеніп кетті. Ол маған жаңа жыл басталғанда бәрі өзгеретінін айтты. «Назарбаев кетеді» деді. Қаңтар басталғанда Мәсімовтің сөзі есіме түсіп таңғалдым», — деді ол. 

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -