
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды, — деп хабарлайдыЕңбек жәні халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Ведомство мәліметінше, 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 301 мың адам.
«2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 923 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 092 теңге, базалық зейнетақы – 37 831теңге», — делінген хабарламада.
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 924,5 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы – 590,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы – 1 триллион 333,9 миллиард теңге.
Еске салайық, шілдеде жалпы зейнетақының орташа мөлшері 120 641 теңге болған еді.



