04/06/2026

18+

Қоғам Гүл сатушыны соққыға жыққан шымкенттік экс-полицейдің үстінен қылмыстық іс...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Гүл сатушыны соққыға жыққан шымкенттік экс-полицейдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте дүкеннен гүл шоғын күшпен алып кеткен ер адам аудандық полиция басқармасының бұрынғы қызметкері болып шықты.

фото: видеодан кадр

Ағымдағы жылдың 8 мамырында ер адам флористті қорлап, дүкеннен гүл шоғын алып кеткен. Ол 1989 жылы туған Б. есімді азамат. Әкесі жоқ, анасы зейнеткер.

Тұран АПБ-ның 102 арнасына жанжал туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына учаскелік инспекторлар барған. Алайда дүкен иесі мән-жайды нақтылау барысында ешкімге шағымы жоқтығын айтып, арыз жазудан бас тартқан.

Бұл жайтқа қатысты Тұран АПБ-да ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен «Жәбiрленушiнiң өмiрiне н/е денсаулығына қауiптi емес күш қолданып тонау» сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Сондай-ақ істің ақ-қарасын ажырату кезінде қара футболка киген азамат биыл 19 мамырда отбасылық себептерге байланысты өз өтінішімен ішкі істер органдарынан босатылған Қаратау АПБ-ның бұрынғы қызметкері екені анықталды», — деп хабарлайды полиция.

 Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкенттегі гүл дүкендерінің бірінде ер адамның флористі итеріп, гүлді алып кетіп бара жатқан видеосы тараған еді. Әуелі ол “прокурордың ұлы” деген әңгіме тараған. Алайда Шымкент прокурорлары ол адамның прокуратураға қатысы жоқ екенін, тіпті ешқандай прокурорға туыс емес екені” жөнінде ақпарат таратқан.

Кейін әлеуметтік желіге екінші видео тарады. Онда да гүл дүкені қызметкерлеріне белгісіз ер адамның қайшы алып, қорқытқанын көруге болады. Екінші тараған екі видеоның бірі бойынша кінәлі адам анықталып, оның 7 тәулікке қамалғаны белгілі болды. Ол видео арқылы кешірім сұрады. Алайда әлеуметтік желі қолданушылары бірінші видеодағы адамның кім екенін сұрастыра бастады. Ақыры, Ішкі істер министрлігі екінші видеодағы адам экс-полицей екенін растап отыр.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -