03/06/2026

18+

Қоғам Шымкентте әкімдік ғимараты салынуы тиіс болған жер белгісіз кәсіпкерге...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Шымкентте әкімдік ғимараты салынуы тиіс болған жер белгісіз кәсіпкерге саудасыз берілген

Шымкентте кәсіпкерден әкімдік салу үшін тәркіленген жер сыбайлас жемқорлықтың белгісімен өзге кәсіпкерге үлкен сауда нысанын салуға ұсынылған. Осыған сай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі құрылыс саласындағы заң бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы Отырар порталы хабарлайды. 

пара

Басқарма мәліметінше, 2019 жылы Бәйтереков көшесінің бойында кәсіпкердің бір гектар жері тәркіленген. Кейін бұл жерге әкімдік ғимаратын салу жоспарланған екен.

Алайда кейін Шымкент Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бұл учаскені басқа жобаға берген. Сонымен қатар бұл инвестициялық жоба емес болып шықты. Бұл жер өзге кәсіпкерге сауда-саттықсыз берілген. Ол бұл жерге үлкен сауда нысанын салған.

«Бүгінгі күні біздің қолымызда сот шешімі бар. Барлық қабылданған шаралар жергілікті атқарушы органдар мен Шымкент қаласының Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) толығымен жойылды. Бүгінде жер телімі қаланың, жергілікті атқарушы органның балансына берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады», – деді Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев.

Енді жер мемлекет меншігіне қайтарылып, нысан бұзылатын болады. Бұған дейін агенттік Шымкент ӘКК өкілдерінің кәсіпкерлерге үлестірген жалпы құны 3 млрд теңгені құрайтын 46 жер телімі туралы да мәлімдеген болатын.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -