03/06/2026

18+

Қоғам Талдықорғанда жемқорлардан тәркіленген қаражатқа мектеп салынуда

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Талдықорғанда жемқорлардан тәркіленген қаражатқа мектеп салынуда

Талдықорғанда жемқорлардан тәркіленген қаражатқа мектеп салынып жатыр. Білім ордасының құрылысына 3,6 млрд теңге жұмсалады.  Соның жартысы мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған «Білім беру инфроқұрылымын қолдау» қорынан бөлінді. Бұл туралы Хабар 24 арнасы хабарлайды. 

Ынтымақ ықшам ауданының халқы 1200 балаға арналған ғимарат құрылысы жұмыстарының аяқталуын тағатсыздана тосып жүр. Себебі төрт жарым мың адам тұратын елдімекенде мектеп жоқ. Сондықтан оқушылар екі,үш шақырым жердегі қалаға қатынап оқиды.

Көпшіліктің көкейтесті проблемасын шешетін жоба 2021 жылы басталды.  Содан бері мердігер мекеме бекітілген жұмыстың 90 процентін аяқтаған. Құрылыс алаңында қазір де 150 шақты адам еңбек етіп жатыр. 

«Қазір есіктерін күтіп отырмыз. Есіктерін салғананнан кейін бояу жұмыстарын жүргіземіз. Сыртқы жұмыстарының асфальты салынып тұр. Екінші қабатын саламыз. Чернозем төгіп қойдық, енді шөп егу қалды. Гүлдерді отырғызып қойдық», — дейді құрылыс учаскесінің бастығы Талғат Кәрібжанов.

Жоспар бойынша нысан қазан айының соңында ел игілігіне беріледі. Сол кезде Ынтымақ, Жастар және Үшінші бөлімше деп аталатын ықшам ауданындағы оқушылар жақын әрі жаңа мектепте оқитын болады.  

«Нысанның шарт бойынша құны 3,6 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде білім беру ұйымдарының инфроқұрылымын қолдау қорынан 1,8 млрд теңге бөлінген. Қалған 1,8 млрд теңгесі бюджетен бөлінген. Қазір жұмыс графикке сай жүргізілуде», — дейді облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Орманов.

Жетісу облысында биыл 11 мектеп салынып, үшеуі сәуір айында пайдалануға берілді. Тағы екеуі бірінші қыркүйекте оқушыларды қабылдайтын болады. Қалған ғимараттардың құрылысы келесі жылы аяқталады.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -