03/06/2026

18+

Қоғам Бүгін Шымкентте әкім ауысады

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Бүгін Шымкентте әкім ауысады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов лауазымынан босатылуы мүмкін.

Бүгін Шымкент қалалық мәслихат депутаттарының отырысы өтеді. Онда Шымкент қаласы әкімін тағайындауға келісім беру мәселесі қаралады.

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы  №912 Жарлығымен бекітілген «Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және Астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және Астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беру» қағидаларының 5,6-тармақтарына сәйкес Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының жиналысы өтеді», — делінген қалалық мәслихат хабарламасында.

Мұрат Дүйсенбекұлы 1981 жылы дүниеге келген. Мұрат Әйтенов С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын, Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университетін және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы — инженер, заңгер.

Еңбек жолында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысы, ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары және Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

2020 жылдың 21 қаңтарынан бастап Шымкент қаласының әкімі. 

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -