03/06/2026

18+

Қоғам Ұлттық Статистика Бюросы: Қазақстанда орташа жалақы 340 636 теңгеге...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Ұлттық Статистика Бюросы: Қазақстанда орташа жалақы 340 636 теңгеге тең

Қазақстанда орташа жалақы 340 636 теңгеге тең. Елімізде 767 мыңға жуық ең жоғары орташа жалақыны тау-кен өндірісінде еңбек ететін қазақстандықтар алады. Бұл туралы Erkinsoz.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, Қазақстан бойынша атаулы жалақының орташа мәні 2023 жылғы I тоқсанда 340 636 теңгеге тең. 2022 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 19,3%-ды, нақты мәнде – 0,6% төмендеді. Медиана жалақысы (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2023 жылғы І тоқсанда бағалау бойынша 225 736 теңгені құрады.

2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғар өсімі құрылыста – 34,5%, ақпарат және байланыста– 30,3%, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету – 29,2% салаларында байқалды.

2022 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда нақты орташа айлық жалақының төмендеуі көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну саласында байқалды – 8,6%.

Орташа жалақы ең жоғары салалар:

— тау-кен өндіру – 766 555 теңге;

— қаржы және сақтандыру – 602 114 теңге;

— ақпарат және байланыс– 541 218 теңге.

Орташа жалақы ең төмен салалар:

— сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу – 201 884 теңге;

— ауыл, орман және балық шаруашылығы – 179 388 теңге.

Орташа айлық жалақы жоғары өңірлер бестігі:

— Атырау облысы – 618 420 теңге;

— Маңғыстау облысы – 509 818 теңге;

— Ұлытау облысы – 450 889 теңге;

— Астана қаласы – 432 197 теңге;

— Алматы қаласы – 390 322.

Орташа айлық жалақы төмен өңірлер бестігі:

— Солтүстік Қазақстан облысы – 241 102 теңге;

— Жетісу облысы – 246 203;

— Шымкент қаласы – 254 202 теңге;

— Жамбыл облысы –– 254 646;

— Түркістан облысы – 257 874.

2023 жылғы І тоқсанда өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең жоғарғы өсімі Атырау облысында тіркелді – 29,4%-ға. Ең төменгі өсімі Батыс-Қазақстан облысында байқалды – 11,9%-ға.

Сондай-ақ Ұлттық статистика бюросы қай өңірлерде ер азаматтар көптігі туралы мәлімет ұсынды.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -