03/06/2026

18+

Қоғам Шавкат Мирзиеев кезектен тыс президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Шавкат Мирзиеев кезектен тыс президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді.Бұл жөнінде Erkinsoz.kz тілшісі хабарлайды.

 Шавкат МирзиеевШавкат Мирзиеев 8 мамырда Олий Мажлис палаталарының, партиялардың, сот және атқарушы билік органдарының басшыларымен референдум қорытындысына арналған жиында кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді.

«Әрине, мұндай шешімнің объективті қажеттілігі неде деген сұрақ туындайды? Неліктен мен өзім президенттік мерзімімнің қалған үш жарым жылынан бас тартып жатырмын? Өздеріңіз көріп отырсыздар, біздің негізгі Заңымызға сәйкес, біріншіден, биліктің барлық тармақтары реформалануда, олардың арасындағы қатынастар мен тепе-теңдік айтарлықтай өзгереді.

Екіншіден, жаңартылған Конституция Президентке, Парламентке, Үкіметке, министрлерге, хокимдерге шұғыл жаңа саяси, әлеуметтік және экономикалық міндеттер қояды.

Үшіншіден, біздің халқымыз бізден барлық саладағы аса маңызды және өзекті өзгерістер мен реформаларды күтуде.

Төртіншіден, әлемде және аймақта өткір де күрделі үдерістер болып жатқан қазіргі жағдайда дамудың дұрыс әрі тиімді жолын іздестіру және жүзеге асыру ең өзекті және маңызды мәселе», — деді Шавкат Мирзиёев.

Өзбекстан Президенті сайлаудың толық заңға сәйкес, ашық және жариялы түрде өтетініне, партиялар мен президенттікке кандидаттар елдің бейбітшілігі мен өркендеуіне және халықтың әл-ауқатына қызмет ететін жаңа идеялар мен бастамалар ұсынатынына сенім білдірді.

Айта кетейік, 6 мамырдаӨзбекстанның Сайлау кодексіне президентті, Заң шығару палатасы депутаттарын және Сенат депутаттарын кезектен тыс сайлауға қатысты түзетулер енгізілді. Президент мемлекет басшысын кезектен тыс сайлауды тағайындағанда, ол екі ай ішінде өткізілуі керек.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -