03/06/2026

18+

Қоғам Түркістан облысында Рейхстагқа шабуыл жасаған сарбаз тұрады

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Түркістан облысында Рейхстагқа шабуыл жасаған сарбаз тұрады

Түркістан облысында Рейхстагқа шабуыл жасаған ардагер тұрады, деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Түркістан облысының тұрғыны Немет Абдрасилов Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Рейхстагқа шабуыл жасаған жауынгерлердің арасында болған. Бұл ерлігі мен батырлығы үшін ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды.

Кейін жауынгер 1-гвардиялық артиллериялық дивизия құрамында нысанашы, зеңбірек командирі болды. Сталинград, Курск, Украина, Беларусь, Польша қалаларын азат етуге қатысты. Жанқиярлық ерлік көрсеткен жауынгер «Қызыл жұлдыз», І және ІІ дәрежелі «Даңқ», І дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және басқа да 24 медальмен марапатталды.

«Мұндай соғыс енді қайталанбасын. Әлемге бейбітшілік тілеймін. Құрмет көрсетіп, мерекеде марапаттап жатқан жандарға алғысым шексіз. Біз ауыр тағдырды бастан өткердік. Бүгінгі ұрпақ бақытты ғұмыр кешсін», — деді майдангер.

Немет Абдрасилов 1922 жылы 1 қаңтарда Түркістан қаласында дүниеге келген. Соғыс аяқталған соң Түркістан қаласы милициясында және Түркістан қаласының автобазасында жүргізуші болып жұмыс істеді. Ардагер 5 ұл, 1 қыздан, 20 немере мен 18 шөбере сүйіп отыр. Қазіргі таңда ұлы Эльмурат Абдрасиловпен бірге тұрады.

Кеше Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев 101 жастағы ардагер Немет Абдрасиловтың үйіне арнайы барып, мерекемен құттықтаған болатын.

«Жас ұрпақ үшін сіздей ардагерлердің ерлікке толы өмірін насихаттау маңызды. Екінші дүниежүзілік соғыста біздің аталарымыз, апаларымыз Отан алдындағы аманатқа адал болды. Берлин төрінде Жеңіс туын тікті. Осы жеңімпаз топтың қатарында сіз де барсыз. Біз елі қорғаған майдангерлерге әрқашан құрметпен қараймыз», — деген Бейсенбай Тәжібаев ардагерге сый-сияпатын тапсырды.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -