Абылай Мырзахметов екі айға қамауға алынды. Бұл жөнінде Erkinsoz.kz тілшісі хабарлайды.

2023 жылғы 12 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мырзахметовке қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
10 мамырда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстады.
Мырзахметов алаяқтық жасады және кәсіпкерді өзінің туысын қылмыстық жауаптылықтан босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі мөлшерде пара беруге итермеледі деп күдіктенгені хабарланды.



