04/06/2026

18+

Қоғам Шымкентте айына 20 мың теңгеге өмір сүріп жатқан Ауған...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Шымкентте айына 20 мың теңгеге өмір сүріп жатқан Ауған соғысы ардагерлері дау шығарды

Шымкентте тұратын Ауғанстан соғысының ардагерлері наразылық акциясын бастады. Олар биліктен өз мәселелеріне назар аударуды талап етеді, әйтпесе барлық мемлекеттік наградалар: ордендер мен медальдарды қайтаруға уәде беріп отыр, деп хабарлайды Erkinso.kz. тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап.

Ардагерлер мәселенің көп екенін шағымданды. Олардың  соғыс қимылдарының басқа қатысушыларынан айырмашылығы – кейбіреулері майдан даласында жарақат алып, мүгедек болып қалса да, пәтер мен қомақты жеңілдіктерге құқығы жоқ.

«Ауған соғысына 22 мыңнан астам қазақстандық қатысты. Оның ішінде 924 адам қаза тауып, 21 адам із-түзсіз жоғалған. 1995 жылы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдарды қорғау шаралары туралы заң қабылданып, бізді  Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірді. Бірақ 1999 жылы жәрдемақыны монетизациялау туралы заң қабылданып, қазір «коммуналдық төлемдер» үшін барлық жеңілдіктер алынып тасталды. Олар нақты ақшаға ауыстырылды, бірақ қажетті шығындардың төрттен бір бөлігін де өтемейді», – дейді қарулы күштер ардагері Шәріпбай Өтегенов.

Оның айтуынша, 2010 жылы  тұрғын үй қатынастары туралы заң қабылданып, оған сәйкес «ауғандықтар» кедейлер санатына енгізілген. Сонымен қатар,  оған кезекке тұру үшін ардагер жұмыссыз болуы керек дейді ол.

«Үй кезегіне тұру үшін Ауғанстанда жеңіске жетіп тірі оралғаның аздық етеді екен. Ол үшін елег тірі оралып қана қоймай,  тақыр кедей болуың керек екен, сонда ғана үкімет пәтер береді. Біз кедей емеспіз, біз еңбек сіңірген адамдар санатында болуымыз керек. Бізді кедей, осал топ деп атау – қорлықпен тең. Біз өзімізді ғана емес, кез-келген  адамды қорғай аламыз. Мұндай «мәртебелермен» бізді қорлаудың қажеті жоқ. Олар әлем чемпионатында жеңіске жеткендерге пәтер береді, ал қолына қару алып Отанын қорғаған адам пәтерге лайық емес екен», – деп налиды Өтегенов.

Ол Ауған соғысы ардагерлерінің іс-әрекетін үнемі қолдайтынын айтады.

«Қазір айына 20 000 теңгеге өмір сүріп жатырмыз. Бұл ақшаға қалай өмір сүруге болады? Оған  бір дәрі де  сатып ала алмайсыз. Әрине,  олардың көпшілігінде жасына байланысты аурулары, соғыста алған жаралардың салдары бар. Ардагерлердің ең кішісінің жасы 50-ден асқан, ал үлкендері 70-ке толмаған. Бірақ олар ешқайда жұмысқа алмайды, зейнеткерлікке шыққанға дейін не істеу керек? Ардагер басын көтеріп жүру керек, ал біздің ауған ардагерлерінің  жартысы таксист болып, базарда немесе құрылыста жұмыс істейді», – дейді ардагер.

Қазақстанда 15 мыңға жуық ауған ардагері аман-есен еліне оралды. Олардың 400-ге жуығы Шымкентте тұрады.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -