04/06/2026

18+

Қоғам Түркиядағы президент сайлауы: Ердоған жеңіске жетті

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Түркиядағы президент сайлауы: Ердоған жеңіске жетті

Түркияда дауыстың 99% пайызы саналған соң Реджеп Тайып Ердоған сайлауда жеңіске жетті. Ол 52% дауыс жинаса, басты қарсыласы және оппозицияның кандидаты Кемаль Кылычдароглуды сайлаушылардың 47%-ы қолдаған.

Ердоған

Реджеп Тайып Ердоған өзінің жеңіске жеткені туралы резиденциясында сөз сөйлеу кезінде мәлімдеді.

«Келесі 5 жыл бойы елді басқару жауапкершілігін бізге артқаны үшін халқымызға алғыс айтқым келеді. Біз сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз», – деп уәде берді Ердоған. 

Сайлауға дауыс берушілердің 85%-ы қатысқан. Бірінші кезеңде Ердоған ең көп дауыс жинаған кандидат атанған еді. Алайда жеңіске жету үшін 0,5% жетпей қалды. Ал басты қарсыласы одан 4%-ға артта қалды. 

Қорытынды жарияланған соң Кылычдароглу бұл сайлауды «Түркия тарихындағы ең әділетсіз» деп атады. Сондай-ақ жақтастарының алдында сөз сөйлеп, «авторитарлы жүйені» ауыстыру үшін соңына дейін күресетінін мәлімдеді. 

«Маған дауыс берген 25 миллион халықтың күшті болып қалғанын қалаймын. Біздің марш жалғасады. Мен үнемі сіздер үшін күрестім, күресе де беремін. Біз демократия үшін күресеміз, ал сіздерден бұл күреске қатысуды сұраймын. Қазір бір адамның демократиялық құндылықтардан айырғанын көріп отырмыз», – деді оппозиция кандидаты. 

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -