04/06/2026

18+

Қоғам Мұнай мен газ саласына инвестиция артты - Әлібек Қуантыров

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Мұнай мен газ саласына инвестиция артты — Әлібек Қуантыров

Мұнай мен газ саласына инвестиция өсіп келеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

Оның айтуынша, әлем елдерінде инвестициялардың салалық құрылымы өзгерді. Бұл тұрғыда мұнай мен газ саласына инвестиция өсті. 2020-2021 жылдары инвестиция 7 еседен астам қысқарды. 2022 жылы геосаяси жағдайларға байланысты мемлекеттер осы бағыттағы инвестицияларды ұлғайта бастады. Оның деңгейі іс жүзінде 2019 жылғы көрсеткішке дейін жетті.

«Күрделі сыртқы жағдайларға қарамастан, 2022 жылы Қазақстанда экономиканың нақты өсуі 3,2% болды. 18 пайыз өсімді ескере отырып, елге 28 млрд АҚШ доллары сомасында тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш 2012 жылдан бері рекордтық деңгейде», — деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, негізгі капиталға салынған инвестициялар нақты мәнде 8%-ға өсті. Сыртқы сауда айналымы 32 пайызға өсіп, 134 млрд доллар болды.

«Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 27%-ға өсіп, 1,8 млн-нан асты. Осы салада жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 13%-ға артып, 3,9 млн адамға жетті. Нәтижесінде, экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 33,5%-дан 36%-ға дейін өсті», — деді министр.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -