Әлеуметтік желіде хиджаб киетін мектеп түлегін соңғы қоңырау кешіне сыныптастары қатыстырмай қойған.

«Менің сыныптастарым осылай қатысып жатыр. Ал мені… Сөйлей алмай тұрмын қазір. Мені қатыстырған жоқ. Неге қатыстырған жоқ? Себебі, мен хиджабтамын. Хиджабпен шықпайсың деп тұрып алды. Мен қатыса алмадым. Енді мен тек соңында, тек суретке түсетін кезде шығамын. Ал былай тұра алмаймын қастарында»,- деп уәж айтты хиджабтағы оқушы.
Видеодан хиджаптағы қыздың мерекелік іс-шараның қалай өтіп жатқанын мектеп терезесінен бақылап тұрғанын байқауға болады. Дегенмен бұл оқиға қай жерде болғаны әзірге белгісіз.



