
Абай облысындағы өрт кезінде қаза тапқандардың жақындарымен кездесуде көзіне жас алған экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы Қазнет қолдап та, сынап та жатыр. Төреғали Тәшенов есімді желі қолданушысы минисртге арнап өлең шығарды.
«О, ЗҮЛФИЯ, ЗҮЛФИЯ!
Орманың болды зым-зия,
Тып-типыл болды қыр-қия.
Заманың болды сұрқия,
Билігін отыр мыңқия,
Шіренген өңшең шыртия,
Тойып алған тыңқия,
Екі ұрты бұлтия,
Түк болмағандай тымпия,
Берген кілең құл жия,
Екі көзі жыртия,
Отыз жыл бойы өтірік
Келген жоқ па жыртыла.
Орныңа барып отырар
Атылып шығар жұлқына
Алмады ма елің ұл туа?!
Көнбес сенің ырқына,
Салаға басшы боп бару—
Білген жанға мың күнә.
Тұрысына болайын
Сораң аққан сұрқыңа,
Қысылғаныңа қымсына.
О, Зүлфия, Зүлфия!
Ішіңнен үнсіз сыңсыма,
Көк түтінге тұншыға,
Қарағайың қырқыла
Бермесін десең, ұртыңа
Су толғандай тұрғанша
Жылай түс, шыңғыр, шырқыра!
Сеп болар ма екен көз жасың
Қара орманың—
Ұлтыңа!..», — деп жазды Фейсбук парақшасында.



