04/06/2026

18+

Қоғам Қазақстанда 1 шілдеден бастап Халықты жұмыспен қамту орталықтары жойылады

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Қазақстанда 1 шілдеден бастап Халықты жұмыспен қамту орталықтары жойылады

1 шілдеден бастап еліміздегі Халықты жұмыспен қамту орталықтары жойылады. Оның орнына Еңбек мобильдігі орталықтары құрылмақ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дерегіне сүйенсек, ел аумағындағы бұрынғы жұмыспен қамту орталықтары толықтай жойылады. Бұл 1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекстің күшіне енуіне байланысты қабылданған шешім. Бүгінде өңірлерде дәл осындай 207 орталық бар.

Оның орнына Еңбек мобильдігі орталықтары құрылмақ. Оның негізгі жаңа функциялары:

жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау негізінде өңірдің еңбек ресурстарының теңгерімін қамтамасыз ету;

өңірлік жұмыспен қамту карталарын әзірлеу және оларды жергілікті жерлерде іске асыруды үйлестіру;

жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру және өңірде іске асырылатын барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындарының құрылуына мониторинг;

жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың ерікті көші-қонына жәрдемдесу және азаматтарды көшіру бағдарламаларын өңірлік деңгейде үйлестіру;

жұмыс іздеуші ретінде жүгінген және жұмыссыз адамдарды тіркеу;

халықты, жергілікті атқарушы органдарды және уәкілетті мемлекеттік органды өңірлік еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар ету.

Осылайша еліміздің облыс орталықтары мен мегаполистерінде 20 еңбек мобильділігі орталығы құрылмақ. Ал жұмыс істеп тұрған халықты жұмыспен қамту орталықтары мансап орталықтарына айналады әрі қалалар мен аудандардағы еңбек мобильділігі орталықтарының филиалдары болады.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -