03/06/2026

18+

Қоғам Бұрынғы полиция генерал-майоры Біләлов алаяқтық жасағаны үшін бес жылға...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Бұрынғы полиция генерал-майоры Біләлов алаяқтық жасағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды

Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары полиция департаменттерінің бұрынғы басшысы, генерал-майор Берік Біләлов алаяқтық жасады деп жазаға тартылды. Ол сотталған азаматты жауапкершіліктен босатамын деп жақындарынан 40 миллион теңге сұраған.

Деректерге сәйкес, 2021 жылдың ақпанында «Қазақстан темір жолы» Павлодар филиалы сигнализация және байланыс дистанциясының бастығы Түсіпов қамауға алынған. Оның әйелі туыстарынан күйеуін қылмыстық жауапкершіліктен босатуға көмектесетін адамды тауып беруін сұраған.

Сол жылдың наурыз айында аталған азаматтың туысы Біләловке хабарласқан. Ал Біләлов қажетті байланыстары бар екенін сендіріп, қызметі үшін 40 миллион теңге сұраған. Мамыр айында тұтқындалған азаматтың әйелі ақшаны туысы арқылы генералға аударған. 

Біләлов өз кінәсін толық мойындаған жоқ.

Сот генералды кінәлі деп танып, 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте, ұлттық компанияларда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазым атқару құқығынан айырды. Сонымен қатар жалпы тәртіптегі колонияда 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Біләлов сот залында қамауға алынды. Одан бөлек, Біләлов 2-дәрежелі «Даңқ» орденінен және полиция генерал-майоры арнайы атағынан айырылды.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -