03/06/2026

18+

Оқиға Қатты ашынған Серікзат Дүйсенғазы Президентке мәлімдеме жасайтынын айтты

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Қатты ашынған Серікзат Дүйсенғазы Президентке мәлімдеме жасайтынын айтты

Танымал ақын Серікзат Дүйсенғазының 16 жастағы ұлы Көкшетаудағы демалыс орнында қаза тапқан болатын. Ақын алдағы уақытта «Елікті» базасындағы кемшіліктер туралы Президент пен Парламентке арнайы мәлімдеме жасайтынын хабарлады. Ол бұл туралы Instagram  парақшасында жазды деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі. 

Ақынның айтуынша, үш қылмыстық іс тіпкелсе де Ақмола облысындағы департаменті ​ «Елікті» шаңғы базасында барлық техникалық қауіпсіздік сақталған деген қорытынды шығарған.

«Сауда және интеграция министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінде де ұят жоқ екен. 2023 жылдың қаңтар айында үш қылмыстық оқиға тіркелсе де (Әлиханнан кейін екі адам соғылған) Ақмола облысындағы департаменті ​ «Елікті» шаңғы базасында барлық техникалық қауіпсіздік сақталған деген қорытынды шығарыпты. Полиция барлық кемшілікті көрсетіп берсе де эксперт мамандардың шешіміне қауқарсыз болып отыр. Осындан кейін бұл министрлікті жемқорлық жоқ деп кім айтады? Өткенде арнайы жұмыс тобын құрып тексереміз деген министр Асхат Оралов інімнен де әлі хабар жоқ. Негізі, уәдесіне берік жігіт еді. Қаптаған мерекеден қолы тимей жатқан шығар деп отырмын. Егер қылмыстық іс әділ шешілмесе Президент пен Парламентке «Елікті» базасындағы соқыр адам көретін кемшіліктерді көрсете отырып, арнайы мәлімдеме жасаймын», — деді ол.

Серікзат Дүйсенғазы ұлының кішкентай кезінен ғылымға жақын болғанын, басқа балалар сияқты ойнамағанын айтады.

«Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde-2023» 1 қалалық робототехника фестиваліне де санаулы күндер қалды. Марқұм Әлиханымның қысқа ғана ғұмыры тек осы пәндік олимпиадаларға, ғылыми жобаларға қатысумен өткен соң, ол қазақтың басқа балаларына да ғибрат болсын деген ниетте осындай қадамға барып жатырмыз. Баламның соңғы демі халықаралық «Жәутіков» олимпиадасының он күндік дайындығынан өтіп барып үзіліп кеткен еді. Ес жиып, етек жапқаннан ғылым мен білімнің майданына араласты. Ол басқа балалар құсап жарытып ойнаған да жоқ. Оған уақыты да болмады», — деді ол.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -