03/06/2026

18+

Оқиға Журналистерді қолтырауынға теңеген Мәжіліс депутаты кешірім сұрады

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Журналистерді қолтырауынға теңеген Мәжіліс депутаты кешірім сұрады

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза әлеуметтік желідегі жазбасы үшін тілшілерден кешірім сұрады. Бұл туралы Erkinsoz.kz тілшісі хабарлайды.

Депутат сұхбат алуға асығатын журналистерді Facebook парақшасында қолтырауынға теңеп жазба қалдырған.

Кейін жазбасын өшіріп, тілшілерден кешірім сұрады. Депутат өз жазбасының сәтсіз қалжың болғанын мойындап отыр.

“Жаңа хабарлады, журналистер ренжіп жатыр деп. Енді қалжың түсінбесеңіздер, кешірім өтінемін. Жалпы адамзаттың өмірінде хайуанатпен байланыс өте көп. Соны салыстырмалы түрде философияда жазған едім. Бірақ оны түсінбесеңіздер, енді қайталанбайды”, – дейді депутат Самат Нұртаза. 

Мәжіліс отырысына кіріп бара жатып, өзінің айтуынша, «өте жақсы көңіл күйде болған» депутат осындай жазба қалдырған. Ол бір күн бұрын қолтырауындар туралы бағдарлама көрген екен. Жыртқыш жануар Мара өзенінің ең таяз жерінде зебра мен гнуды күтіп отыратынынан әсер алған депутат, сүйтіп сұхбат алуға асығатын тілшілерді де жемтігін күткен сол қолтырауынға теңеп жазыпты. Тілшілерге мұндай теңеу, әрине, ұнаған жоқ. 

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -