04/06/2026

18+

Қоғам Жағдайы жоқ адам қарыз алып құрбандық шалуға болмайды -...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Жағдайы жоқ адам қарыз алып құрбандық шалуға болмайды — Дін басқармасы

Құрбан айт күндері жағдайы келмейтін адамдарға қарыз алып құрбандық шалу міндет емес. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров айтты.

«Құрбан шалу үшін қарыз алып құрбан шалу міндет емес. Өйткені құрбан шалу үшін адамның жағдайы болуы керек. Жағдайы бар адам ғана құрбан шалады. Ал енді жағдайы келмейтін адам қарызданып, құрбандық шалу оған міндет емес», – деді Мансұров орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ мүфтият өкілі құрбан шалмай, оның ақшасын садақа ретінде беруге болмайтынын атап өтті.

«Құрбандық кезінде құрбан шалудағы мақсат – қан ағызу. Үш күн ішінде құрбан шалуымыз міндет, оның орнына садақа етіп бере алмаймыз. Садақа ретінде құрбандық қаражаты жүрмейді«, – деп мәлімдеді Мансұров.

Ол зұлхижжа айының қасиетті күндері қосымша садақа беріле беретінін айтты.

«Алайда Құрбан айт кезінде құрбандық ақшасын садақа ретінде бере алмаймыз. Шамамыз келсе міндетті түрде құрбандық шалу бізге уәжіп болады», – деп түсіндірді бөлім меңгерушісі.

Айта кетері, биыл қасиетті Құрбан айттың алғашқы күні 28 маусымға түсіп тұр.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -