03/06/2026

18+

Қоғам Шолпан Каринова қызметінен босатылды

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Шолпан Каринова қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Шолпан Таңатқызы Каринова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«ҚР Үкіметінің қаулысымен Шолпан Таңатқызы Каринова берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды», — делінген хабарламада.

Шолпан Каринова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1994 жылы орта мектеп мұғалімі болып бастады.

1998-1999 жылдары — орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.

1999-2000 жылдары — орыс сыныптарында қазақ тілінің мұғалімі.

2000-2002 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысындағы Ленинград орта мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

2003-2004 жылдары — СҚО Тайынша ауданы Білім және спорт бөлімінің әдіскері; оқу жұмысы бойынша бөлімше басшысының м.а.

2004-2005 жылдары — СҚО Тайынша ауданы №5 орта мектебінің директоры.

2005-2008 жылдары СҚО Тайынша ауданының білім бөлімінде басшылық лауазымдарды атқарды.

2008-2009 жылдары — СҚО Тайынша қаласы әкімінің аппараты құрылымдық бөлімінің басшысы.

2009-2012 жылдары — СҚО Петропавл қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары.

2012-2013 жылдары — Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары.

2013-2017 жылдары — СҚО Петропавл қаласы Білім басқармасы басшысының м.а.

2017-2018 жылдары — ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары — Астана қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары.

2019-2021 жылдары ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды. 

2021 жылдың қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін — ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -