04/06/2026

18+

Қоғам Мемлекеттік қызметкерді сыйлықпен "майламақ" болған директор 483 мың теңге...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Мемлекеттік қызметкерді сыйлықпен «майламақ» болған директор 483 мың теңге айыппұл төледі

Ақтауда жекеменшік балабақшалардың директорлары мемлекеттік қызметкерге сыйлық бергені үшін жазаланды.

Ақтауда 26 жекеменшік балабақшаның басшылары ақша жинап, Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысына сауда үйінен 40 мың теңгеге сертификат пен торт табыс еткен. Білім бөлімінің басшысы осы жайтты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хабарлаған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының Маңғыстау облысы бойынша бірінші орынбасары Біржан Хайруллин мәлімдеді.

Шенеунікке сыйлық беруге тырысқан 25 балабақша директоры бірден кінәсін мойындаған, оларға айыппұл салынған. Ал бір директор сотта кінәсіздігін дәлелдеуге тырысты.

«25 директорға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 676-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, олардың әрқайсына 345 000 теңгеге айыппұл салынды. Бір директор өз кінәсін мойындамады, соның салдарынан әкімшілік іс сотта қаралып, ол кінәлі деп танылып, 483 000 теңге көлемінде айыппұл төледі», — деді Біржан Хайруллин.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -