03/06/2026

18+

Қоғам "Театрдың айналасы алқаштардын ұясы болған": Майра Мұхамедқызы директорлық жұмысын...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

«Театрдың айналасы алқаштардын ұясы болған»: Майра Мұхамедқызы директорлық жұмысын неден бастағанын айтты

Опера әншісі Майра Мұхамедқызы Шымкенттегі опера және балет театрын аяқтан тұрғызу үшін қандай қиындықтарды бастан кешкенін айтты. Бүгінгі таңда директор болып қызмет атқаратына өнер адамы бұл туралы Динара Сәтжанға берген сұхбатында әңгімелеп берді.

Талай шетелдік танымал опера театрлары жұмыс істеуге шақырған Майра Мухамедқызы Шымкент қаласында үш жылдан бер опера театрын басқарып келеді. Өнер адамы ең алғаш оңтүстік мегаполиске келіп, директорлық қызметті неден бастағанын сұхбатта әңгімелеп берді.

«Театрдың айналасы алқаштардын ұясы болған, сенесіз бе? Темір-терсектің, декорацияның бәрін ұрлап сатып, матрастарда жататын алқаштар. Қазір тап- таза. Театрдың ішінен бастап сыртына дейін тазаладық. Үшінші жыл дегенде аяғымыздан тұрып келе жатырмыз»,- деді Майра Мұхамедқызы.

Опера әншісі директорлық қызметін әжетхананы жөндетуден бастағанын тілге тиек етті.

«Он әжетхананың біреуі ғана істеп тұрды. Он алтыншы қаңтарда «Кармен» операсы болды. Үзілістен шықсам, кезек. Мүгедек баланы анасы әжетханаға кіргізе алмай тұрды, «бір-ақ туалет істеп тұр» деді, кейін мен жүгіріп демеуші іздей бастадым», — деді Шымкент опера және балет театрының директоры.

Бұдан бөлек Майра Мұхамедқызы кейін демеуші тауып, ғимаратты жөндеткенін, шаршаған кезде әні айтып демалатынын атап өтті. «Одан кейін театрдың төбесі, барлық жер тесік. Су ағып тұрды, жаңбыр жауса барлық жерге шелек қойып жаңбырмен алысамыз. Демеуші тауып, осының бәрін жөндеттім. Мүгедектерге арналған әжетхана салып берді. Бірінші жұмысымды әжетханадан бастадым», — деді өнер адамы.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -