03/06/2026

18+

Қоғам Назарбаевқа тіке қарсы шыққан Шерағаң қызметінен осылай кетті

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Назарбаевқа тіке қарсы шыққан Шерағаң қызметінен осылай кетті

Screenshot_2.jpg

Шерағаң жайлы аңызға бергісіз айтылар әңгімелер аз емес. Осы орайда қазақтың біртуар батыры Бауыржан Момышұлының келіні, белгілі қаламгер  Зейнеп Ахметова өзінің «Теңбіл тіршілік» атты кітабында Шерағаң туралы былай деп жазыпты: «Сол кездегі теле-радиокомпаниясының төрағасы Шерағаның үстінен «қазақша хабарларды тым көбейтіп жіберді, ұлтшылдық басып барады, орыстарға қысым көрсетіп, шеттетіп жатыр» деген мағынадағы айтпаған пәлесі, жақпаған жаласы қаптаған арыз-шағымдар жоғары жаққа тоқтаусыз жетіп жатады. Оны бұрқыратып буын көтергендер өзге емес, ана  тілін білмейтін, ұлттық намыстан жұрдай өзіміздің «шіріген жұмыртқалар» екен. Осындай әлдекімдердің қоңыраушысы болып жүргендердің жалалы сөзіне сенген Елбасы идеологиялық бір жиында Шерхан Мұртаза ағаға ауыр сын айтады. Жиынға қатысып отырған жазушылар, ғалымдар, өнер шеберлері ағаға араша сұрап, бір ауыз уәж айта алмай, бастарын жағасына тығып, жайсыз халге түседі. Сонда аға қаймықпай мінбеге көтеріліп:

 -Президент мырза! Қызмет деген – Төлегеннің астындағы бозжорға, кез-келген Бекежан мініп кете береді. Мен ешкімнен қызмет сұрағаным жоқ, керек болса ала бер. Менің қолымда Құдай берген қаламым бар, — деген ғой қасқая қарап. Содан көп ұзамай Шерағаң қызметтен кетті…»

 Міне, нағыз ерлік пен  жігіттік намыстың жарқын үлгісі деп осыны айт. Шіркін, мансап жолында  намысы мен ар-ожданы ғана емес, елі мен жерін, тілі мен дінін сатып жіберетін жағымпаздар мен жандайшаптарға үлгі болатын көрініс екенінде сөз жоқ. Иә, кезінде еліміздегі жекешелендіру барысындағы бассыздықты көргенде  «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» деп, тіл мәселесінде  «Екі тіл жыланда ғана болады»  деп,   байлығымыз талан-таражға түсіп жатқан кезде «Алтын сандықтың үстінде аш отырмыз»  деп шырылдағаны әлі көз алдымызда.

Қайран Шераға-тұлға, Шераға-шындық, Шераға-намыс!. Сіздің шекпеніңізден шыққан өртұлғалы азаматтар қайда жүр екен?!…

Кеденші-журналист, полковник Бекен Нұрахметовтің фейсбук парақшасынан алынды

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -