03/06/2026

18+

Қоғам "Кемінде 50 балл жинау керек": Вице-министр ҰБТ-дағы шектік балл...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

«Кемінде 50 балл жинау керек»: Вице-министр ҰБТ-дағы шектік балл туралы мәлімдеді

Биылғы ҰБТ аясында жоғары оқу орындарына түсуге арналған шекті балл өзгерген жоқ. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлімдеді деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі.

«Биылғы ҰБТ-ның басты жаңалықтарына тоқталсақ, «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаты» пәндері бойынша тест тапсырмаларының санына өзгеріс енгізілді. Енді «Қазақстан тарихының» бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы болады, «Оқу сауаты» бойынша 15 тест сұрағы ұсынылады», — деді Қ. Ерғалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 2022-2023 оқу жылынан бастап «Информатика» пәні ҰБТ-ның бейіндік пәндер комбинациясының тізіміне енгізілді. Осы тұрғыда «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар», «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламаларының топтарына түсетіндер «Математика-Информатика» комбинациясы бойынша ҰБТ тапсырады.

«Шекті балл өзгерген жоқ. «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары үшін кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» кемінде 60 балл, ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл, сондай-ақ басқа да жоғары оқу орындарына кемінде 50 балл жинау керек», — деді вице-министр.

Айта кетсек, биыл 18 мамырда осы жылдағы негізгі ҰБТ басталды және ол 5 шілдеге дейін жалғасады. Биылғы оқу жылына 88 мың грант бөлінді.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -