04/06/2026

18+

Қоғам Оқу-ағарту министрі: Мектепте ақша жиналатын болса 7 млн теңге...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Оқу-ағарту министрі: Мектепте ақша жиналатын болса 7 млн теңге айыппұл төлейді

Мектепте ақша жинағандар қомақты көлемде айыппұл арқалайды, — деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, бүгінде білім саласына бөлінетін қаржы үш есеге дейін артқан. Бұл туралы Талдықорғанда өткен білім саласындағы жемқорлықтың алдын алуға арналған жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов мәлімдеді. 

«Коррупцияға қарсы қызмет кейінгі үш жылда білім саласындағы 300-ден аса қылмысты тіркеді. 192 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 140 адам сотталды. Агенттік төрағасы біздің алдымызға нақты міндеттер қойды. Бөлінген қаржыны игерумен қоса жалақы төлеу мәселесі де жіті тексеріледі. Кемшіліктерді жою бағытында бірлескен шаралар қабылданып, еліміздегі барлық білім басқармасында коррупциялық қауіпке талдау жасау жұмыстары қолға алынды», — дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепте болған мұндай жағдайлар үшін білім ошағының директоры тікелей жауап беретінін айтты.

«Өзіміз қойдыра алмағаннан кейін бұл кісілер енді мектепте ақша жинайтын болса, ол анықталатын болса, 7 миллион теңге айыппұл төлейтін болады. Бүкіл ұжымға ескертіп қойыңыздар. Тиісті қаржы бөлініп жатыр. Сондықтан ешкімнен еш нәрсе жинаудың қажеті жоқ», — деді министр.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -