
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов «Cпорт министрі» YouTube-арнасына берген сұхбатында Ташкентте өткен әлем чемпионатындағы жеңілістен кейін құрама сапынан кетуге қатысты ойын айтты, — деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі.
«Тағы еңбек сіңіргім келеді, қазақтың көк туын көкке көтергім келеді. Кейбіреулер айтады «жастарға жол бермейсің бе» деген сияқты. Жасым жиырма бесте ғана, 33 жаста, 35 жаста әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы болып жатқандар бар. Неге біз ондай болмасқа? Боксқа әлі тойған жоқпын«, — дейді Бибосынов.



