04/06/2026

18+

Қоғам Білім басқармасының бұрынғы басшысы 10 жылға сотталды

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Білім басқармасының бұрынғы басшысы 10 жылға сотталды

Алматы облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова 10 жылға сотталды.

Майгүл Омарова

Жетісу облыстық сотының мәліметінше үкім төрт айыпталушыға қатысты шығарылған. Олардың қатарында Майгүл Омарова да бар. Сотталушыларға «Пара алу», «Пара беру», «Алаяқтық» және «Салғырттық» бабымен айыптар тағылған. 

«Сот үкімімен О. мен А. Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі «Пара алу» бойынша кінәлі деп танылып, оларға осы баппен мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген хабарламада.

2020 жылдың тамызынан басап Алматы облысы білім басқармасының басшысы мемлекеттік сатып алулар саласында топпен бірге қылмыс жасаған.

«Сол арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алу шартынын сомасының 10 пайызы көлемінде пара алу мақсатында А.- дайындаған М.-мен Н.-ға бағынышты ЖК-мен Алматы облысының білім беру мекемелеріне қашықтықта оқытуға арналған ноутбуктерді сатып алу туралы осы келісім шартқа қол қойған», – деп атап өтті сот өкілдері.

Кейін лауазымды тұлғалар сатып алынған ноутбуктерге  «Microsoft Windows» бағдарламасын еш шығынсыз интернет желісінен жүктеу арқылы өздері орнатқан. Салдарынан мемлекетке 123 миллион теңгеге жуық шығын келген. 

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -