03/06/2026

18+

Қоғам Енді оқушылардың есірткіге тәуелділігі тексеріледі

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Енді оқушылардың есірткіге тәуелділігі тексеріледі

Енді жылына бір рет оқушылардың есірткіге тәуелділігі тексеріледі. Бұл процедура аясында мектеп оқушыларының ағзасында психикалық белсенді заттардың бар-жоғы анықталады деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі 31-арнасының Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімет жанындағы бірыңғай ведомствоаралық орталықтың базасында есірткі жөніндегі ұлттық ақпараттық жүйе құрылмақ. Онда Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық стандарттары негізінде деректер жиналып, талданады.

Ішкі істер министрлігі халықаралық ұйым ұсынған әдістемені басшылыққа алып, бірнеше көрсеткіш бойынша ұлттық зерттеулер жүргізеді. Бірыңғай ақпараттық жүйедегі талдау да тікелей осы көрсеткіштерге байланысты болады. Жоспарға сай, алдымен жалпы қазақстандықтардың есірткіні қолдану көрсеткіші нақтыланады.

Содан кейін жастардың қолдану деңгейі тексеріледі. 14-18 жас аралығындағы оқушылардың психикалық белсенді заттарды қолдануын бағалауға бағытталған. Жылына кемі бір рет тұрақты мониторинг жүргізу бастамасы да осы мәселеден шығып отыр. Бұл жұмыстарды алдын ала бекітілген жауапты орган үйлестіреді. Әрі жергілікті билік оқушылар мен қолайсыз отбасылардан шыққан жасөспірімдердің есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыруға күш салуға міндетті.

Бұл тұжырымдаманы Ішкі істер министрлігі әзірлеп отыр. Қаулы-жобасы 12 мамыр күні ашық талқылауға шығарылған.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -