
Ақтөбе әкімі Мұрат Жүребеков өз қызметінен кетті. Ол басқа жұмысқа ауыспақ.
«Елордаға басқа жұмысқа ауысуыма байланысты Ақтөбедегі әкімдік қызметімді аяқтаймын. Туған қалама қызмет ету мен үшін үлкен құрмет, үлкен жауапкершілік және тәжірибе мектебі болды», – деп түсіндірді Мұрат Жүребеков.
Жүребековтің орнына Айдос Хамиев қала әкімінің міндетін уақытша атқарады.
2022 жылдың қараша айында Асхат Шахаров қала басшысы қызметінен кетті. Мұрат Жүребеков 2023 жылдың 4 қаңтарында әкім болып тағайындалған еді.



