04/06/2026

18+

Қоғам Қорғаныс министрі өзіне тағылған айыптауға қатысты жауап берді

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Қорғаныс министрі өзіне тағылған айыптауға қатысты жауап берді

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Ұлттық ұлан қоймаларынан жанар-жағармай ұрлау дерегін жасырды деген айыптарға қатысты жауап берді, — деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, адвокат Самат Сырлыбаев қорғаныс ведомствосы басшысына қатысты мәлімдеме жасады. Ол тергеуде отставкадағы подполковник Нұржан Жақсыбаевтың мүддесін қорғайды. Ол Ұлттық ұланның бас қолбасшысы болған кезінде Жақсылықовқа бағынышты болған.

Ұлттық ұлан қатарында жанармай ұрлау 2017 жылы басталғаны атап өтілген. Одан кейінгі жылдарда тапшылық жаңа жеткізілімдер есебінен жабылса, 2022 жылы жанар-жағармай тапшылығын жасыру мүмкін болмаған.

«Бұл ұрлық туралы Ұлттық ұланның бас қолбасшысы, қазіргі қорғаныс министрі Руслан Фатихович Жақсылықовқа тікелей белгілі болды. Неге? Себебі қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың, оның орынбасарының нақты айғақтары бар, олар бас қолбасшы бұл ұрлық туралы 2021 жылы білгенін анық айтады», — деді ол.

Адвокат Жақсылықов ақшамен есептегенде 500 миллион теңге болатын ұрлық туралы білгенін айтады. Оның 300 миллионға жуығы авиакеросин, деп хабарлайды телеарна. Алайда журналистерге берген сұхбатында қорғаныс министрі бұл негізсіз айып екенін айтты.

«Мен негізсіз айыптауларға қатысты пікір бермеймін. Ол заңгер, бұл оның жұмысы. Ол осы арқылы ақша табады. Сондықтан ешқандай негізсіз талаптарға тіпіті пікір бермеймін», — деді ол.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -