03/06/2026

18+

Қоғам Қазақстанда азаматтарға қымбат көлік пен дүние-мүлкі үшін қосымша салық...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Қазақстанда азаматтарға қымбат көлік пен дүние-мүлкі үшін қосымша салық салынбақ

Қазақстанда қымбат дүние мүлік үшін көбірек салық салу көзделіп отыр. Әрі кісінің ауқаты табысына қарай есептелінбек. Мысалы, кірісі белгілі шектен асқан тұрғын бірден «байлар» қатарына қосылады. Ал бұл санаттағы адам 50 миллион теңгеге көлік сатып алса, бюджетке қосымша төлем жасайды. Бұл туралы “Информбюро” бағдарламасы хабарлайды.

Бүгінгі таңда қазақстандықтар үшін салық мөлшері бірдей. Сондықтан салықты әлеуметтік жағдайына қарай төлемейді. Бірақ бұл тәртіп бірнеше жыл ішінде толық өзгеруі мүмкін. Себебі ондаған миллионға көлік не үй сатып алған адам қосымша салық төлеуге міндеттелмек. Ол үшін мүлік пен табыстың шекті сомасы бекітіледі. Мәселен, көлік үшін шекті баға 50 миллион теңге көлемінде белгіленеді. Егер көліктің нарықтағы бағасы бұл сомадан асса, бюджетке қосымша қаржы құяды.

Ал бірнеше пәтері бар азаматтар үшін жиынтық салық ұғымы енгізіледі. Сәйкесінше төлем көлемі де әлдеқайда жоғары болады. 

Депутат Ерлан Саиров үдемелі салық жүйесін енгізуге қатысты бастамалар бірнеше жылдан бері көтеріліп жүр дейді. Оның пікірінше, бұл жүйе әлеуметтік әділдік орнатуға мүмкіндік береді. Өйткені орасан зор табысы бар азаматтың жауапкершілігі де жоғары болуы керек. 

“Мысалы, қазір көптеген олигархтар жеке кәсіпкер болып есептеледі. Сондықтан олар салықты жеке кәсіпкер ретінде төлейді. Әрин,е олардың ауқаты жоғары, сонымен бірге кейбіреулері экономикалық салаларды бақылап тұрғандықтан, олар салықты көбірек төлеуі керек”, – деді Ерлан Сайыров. 

Депутат ауқаттылар санатындағы адам бір-екі адамға жұмыс берумен шектелмеуі қажет дейді. Әлеуметтік жағдайына қарай салықты да көбірек төлеуге міндетті. Ал министрлік өкілдері әзірге «байлар санатына» қосылуға қажетті табыс сомасы бекітілмегенін айтты. Себебі аталмыш өзгерістер жалпыға бірдей декларация аясында іске асырылғалы отыр. 

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -