03/06/2026

18+

Қоғам Сүлейменова қаза болған орманшылардың туыстарына мемлекеттік наградаларды табыстады

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Сүлейменова қаза болған орманшылардың туыстарына мемлекеттік наградаларды табыстады

«Семей орманы» резерватының 14 қызметкері «Құрмет» ордендерімен марапатталды.

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

«Қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан «Семей орманы» резерватының 14 қызметкері “Құрмет» орденімен марапатталды. Мемлекеттік наградаларды қайтыс болған қызметкерлердің туыстарына Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова табыстады. Сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларына барып, көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты», — делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Абай облысында болған төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Құрмет» орденімен марапатталғандар:

1. Тоқтасын Серікжан Бақытбекұлы (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалының инженері;

2. Жиенбаева Мейрамгүл Құсайынқызы (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының басшысы;

3. Губаев Алексей Григорьевич (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының орман шебері – мемлекеттік инспекторы;

4. Начинёнов Константин Сергеевич (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы;

5. Нұржігітов Саят Нұржанұлы (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы;

6. Сидорин Виктор Александрович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы;

7. Сидорин Александр Викторович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы;

8. Фоминых Максим Владимирович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы;

9. Гражданкин Петр Александрович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының орман өрт сөндірушісі;

10. Пузырев Сергей Николаевич (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының орман өрт сөндірушісі;

11. Дарибаев Александр Викторович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының тракторшысы – машинисі;

12. Ганьшин Даниил Евгеньевич (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының көлік жүргізушісі;

13. Пузырев Николай Иванович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы орталық орманшылығының көлік жүргізушісі;

14. Дүйсембаев Амангелді Спатайұлы (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалының көлік жүргізушісі.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -