03/06/2026

18+

Мәдениет Шымкентте «Даңқ» мемориалына гүл шоқтары қойылды

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Шымкентте «Даңқ» мемориалына гүл шоқтары қойылды

Шымкент қаласында Абай саябағында орналасқан «Даңқ» мемориалындағы «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі.
Оған Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов пен қалалық мәслихаттың төрағасы Бахадыр Нарымбетов, соғыс және тыл ардагерлері мен қаза болған жауынгерлердің ұрпақтары, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері де қатысты.

Жиналған көпшілік Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың рухына тағзым етті.

Айта кетейік, 1941-1945 жылдары Шымкент пен оңтүстік өңірден 140 мыңнан астам жауынгер соғысқа аттанып, олардың жартысына жуығы туған жеріне қайта оралмаған.

Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін қала әкімі Мұрат Әйтенов Абай саябағы аумағында арнайы жасақталған далалық-әскери лагерьге келіп, соғыс және тыл ардагерлерімен бірге театрландырылған қойылымды тамашалады. Онда өнерпаздар майдан даласынан көріністер қойып, соғыс жылдарының әйгілі әндерін шырқады.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -